Menu Close Menu

Главная  >>  QAZ  >>  Жаңалықтар  >>  «Қазақстанды жаңғыртудағы конституциялық реформалардың рөлі мен маңызы» тақырыбында жалпы жиналыс өтті

«Қазақстанды жаңғыртудағы конституциялық реформалардың рөлі мен маңызы» тақырыбында жалпы жиналыс өтті

15.09.2025

"Прогресс" политехникалық колледж басшысы Д. Момышованың қатысуымен «Қазақстанды жаңғыртудағы конституциялық реформалардың рөлі мен маңызы» тақырыбында жалпы жиналыс ұйымдастырылды.

Жиналыстың мақсаты – білім алушылар мен ұжым мүшелеріне Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, азаматтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында колледж басшысы Д. Момышова еліміздегі саяси жаңғыру үдерістеріне, конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына тигізетін әсеріне кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, реформалардың заң үстемдігін нығайтудағы, демократиялық құндылықтарды дамытудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі атап өтілді.

Жалпы жиналыс қатысушылардың белсенділігімен өтіп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Іс-шара білім алушылардың елдегі өзгерістерге деген көзқарасын қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.



Разделы сайта


Қашықтан оқу


Біздің жобалар


Оқу-тәрбие жұмысы


Пәндік цикл комиссиялары


Мұғалімдер


Студенттер үшін


Өтініш берушілер


Біз туралы

Соңғы жаңалықтар мен хабарландырулар


Наверх
Бізге whatsapp арқылы хабарласыңыз