Главная >> QAZ >> Жаңалықтар >> Колледжде "Құқықтық тәрбие" айлығы өтті
03.11.2025
Қараша айында колледжде Құқықтық тәрбие айлығы ұйымдастырылып, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Айлық аясында топ жетекшілері тәрбие, сынып және танымдық сағаттар өткізіп, білім алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамалары, құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен кездесулер ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шаралар барысында викториналық сұрақтар қойылып, білім алушылардың белсенділігі артты. Құқықтық тәрбие айлығы жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға өз үлесін қосты.