Menu Close Menu

Главная  >>  QAZ  >>  Жаңалықтар  >>  Білім алушыларға су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттілігін түсіндіру

Білім алушыларға су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттілігін түсіндіру

01.12.2025

"Прогресс" политехникалық колледж білім алушыларына су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттілігін түсіндіру, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің №34 бұйрығымен бекітілген талаптарды жеткізу, сондай-ақ аталған қағидаларды сақтамау салдарынан туындайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында топ жетекшілері тарапынан ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шаралар барысында білім алушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері, рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіптілігі, судағы тәртіп бұзушылықтардың адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зардаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік қағидаларын сақтамау салдарынан жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нақты мәліметтер беріліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 412, 440 және 582-баптары бойынша көзделген әкімшілік жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Топ жетекшілері сынып сағаттары, әңгімелесу, түсіндіру жұмыстары және көрнекі материалдарды пайдалану арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізді. Білім алушыларға жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау, заң талаптарын сақтау, қауіпті жағдайлардың алдын алу жөнінде кеңестер берілді.



Разделы сайта


Қашықтан оқу


Біздің жобалар


Оқу-тәрбие жұмысы


Пәндік цикл комиссиялары


Мұғалімдер


Студенттер үшін


Өтініш берушілер


Біз туралы

Соңғы жаңалықтар мен хабарландырулар


Наверх
Бізге whatsapp арқылы хабарласыңыз