Menu Close Menu

Главная  >>  QAZ  >>  Жаңалықтар  >>  «Адалдық – адамгершілік белгісі» тақырыбында пікірсайыс өтті

«Адалдық – адамгершілік белгісі» тақырыбында пікірсайыс өтті

11.12.2025

Колледжде «Ақиқат» дебат клубының мүшелері арасында «Адалдық – адамгершілік белгісі» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін тереңдету, азаматтық көзқарасын қалыптастыру және сыни ойлау дағдыларын дамыту болды.

Пікірсайыс барысында қатысушылар адалдық ұғымының қоғамдағы, жеке тұлға өміріндегі маңызына тоқталып, өз ойларын дәлелдер мен нақты мысалдар арқылы қорғады. Қарсы тараптың пікіріне құрметпен қарау, өз көзқарасын мәдениетті түрде жеткізу дағдылары қалыптасты.

Іс-шара білім алушылардың шешендік қабілетін жетілдіруге, логикалық ойлауын дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етті. Пікірсайыс тартымды әрі мазмұнды өтті.



Разделы сайта


Қашықтан оқу


Біздің жобалар


Оқу-тәрбие жұмысы


Пәндік цикл комиссиялары


Мұғалімдер


Студенттер үшін


Өтініш берушілер


Біз туралы

Соңғы жаңалықтар мен хабарландырулар


Наверх
Бізге whatsapp арқылы хабарласыңыз