Главная >> QAZ >> Жаңалықтар >> Мастер-класс "Нью-Йорк" печеньесі!
27.02.2025
Жұмысшы мамандықтар жылына орай кондитер-безендіруші мамандығының білім алушыларына «Бисквит» кондитер үйінің өндіріс технологы Жумабаева Рахила Нурхатқызы ерекше мастер-класс өткізді!
Іс-шарада Рахила Нурхатқызы "Нью-Йорк" печеньесінің дайындалу процесін көрсетті. Студенттер кондитерлік өнердің қыр-сырын үйреніп, дәмді печеньенің рецептімен танысты. ✨
Мастер-класс барысында қатысушылар ингредиенттерді дұрыс таңдау, қамырды дайындау және пісіру технологиясы туралы көптеген пайдалы кеңестер алды. Рахила Нурхатқызының шеберлігі мен тәжірибесі студенттерге үлкен мотивация берді!
Барлық қатысушыларға дәмді печеньелерді дайындап, өз қолдарымен жасаған тәттілерін дәм тату мүмкіндігі туды.
Осындай қызықты және пайдалы іс-шараларымыз алдағы уақытта да жалғасады! Келесі мастер-класстарымызды жіберіп алмаңыздар!