Главная >> QAZ >> Жаңалықтар >> Ақпарат
20.09.2022
2022 жылы 19 қыркүйек күні «Прогресс» политехникалық колледжінде Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторларымен кездесу өтті. Іс-шараға Іле АПБ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Г.Г.Бисалиева мен Іле АПБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Е.В Леоньтева катысты. Кездесудің мақсаты – жастар арасында нөлдік шыдамдылықтағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, балалардың құқығын қорғау, жасөспірімдерге құқықтық, заңдылық тұрғысында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, кездесу барысында діни экстремизм, колледждің ішкі тәртібі туралы тақырыптар кең ауқымда қозғалды.
«Прогресс» политехникалық коллледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.А. Маралбекова қоғамдағы жастар арасында белең алып келе жатқан діни экстремиздік топтардың іс-әрекеттері және жастар өміріне қауіптілігі туралы атап айтты.
Іле АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция инспекторы Бегалиева Г. Кәмелетке толмаған жастар арасында құқық бұзушылық, бопсалау, ұрып-соғу фактілерін мысалға келтіре отырып, заңмен жазаланатынын ескертіп өтті. Сонымен қатар, Іле АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция инспекторы Е.В Леонтева жастар арасында есірткіге тәуелділік, электронды шылым, кальян, психотропты заттардың да кең етек алып бара жатқандығын атап өтті. Аталған заттардың адам өміріне қауіптілігін ескертті.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Б.Б Арапбаев колледждің ішкі ережесі мен тәртібімен таныстыра отырып, үнемі қадағалауда болатынын ескертіп өтті.
Кездесу соңында колледждің «Жалын» студенттік жасағының құрамы жаңартылып, кәмелет жасқа толған білім алушылар қабылданып, арнайы куәліктері табыс етілді.