Menu Close Menu

Главная  >>  QAZ  >>  Оқу-тәрбие жұмысы  >>  Адалдық дүкені

Адалдық дүкені

«Прогресс» политехникалық колледжінде Студенттік парламент пен «Саналы ұрпақ» клубының мүшелерінің ұйымдастырылуымен «Адалдық дүкені» акциясы өтті. Акция мақсаты: қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және студент жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру.
Бұл дүкеннің жұмысы өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген.

Сатуға жоғарғы курс білім алушылардың практика негізінде әзірлеген ыстық өнімдері мен студенттерге қажетті заттар ұсынылған. Оқытушылар мен білім алушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын кассалық ыдысқа қалдырады. Осылайша сатушысы жоқ дүкенде алушылар өзіне өзі қызмет көрсетеді.

Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді білім алушылардың ар-ожданы біледі. Барлық жауапкершілік осы акция адалдығына есептелген білім алушылардың өзіне жүктеледі.

Мұндай жобаның ашылуы жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал етеді және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді.





Разделы сайта


Қашықтан оқу


Біздің жобалар


Оқу-тәрбие жұмысы


Пәндік цикл комиссиялары


Мұғалімдер


Студенттер үшін


Өтініш берушілер


Біз туралы

Соңғы жаңалықтар мен хабарландырулар


Наверх
Бізге whatsapp арқылы хабарласыңыз