Главная >> QAZ >> Оқу-тәрбие жұмысы >> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-қоғам міндеті
Адамзатқа ертеден таныс "Сыбайлас жемқорлық" заманмен бірге өсіп - өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
Осы мәселені көтере отырып "Прогресс" политехникалық колледжінде студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-қоғам міндеті" атты сауалнама жүргіздік.
Сауалма жүргізудегі мақсатымыз, Студенттерді адалдыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен сіз болып, біз болып күресуіміз қажет. «Жемқорлыққа күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең»- дей келе колледжде студенттердің арасында алынған сауалнаманың нәтижесі бойынша (99%)-сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болмаған. Сіздің ойыңызша сыбайластық жемқорлықтың болуының негізгі себептеріне не жатады?деген сұраққа (31%) төмен жалақы, өзіндік бақылаудың болмауы (21%) және қоғамдық көзқарас пен имандылықтың төмендігі деп(75%) жауап берді.
Бұл дегені біздің оқу орнымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқан деуге болады.
Бүгінгі тақырып негізінде, сауалнаманы " Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі" деп қорытындылаймын.