Главная >> QAZ >> Оқу-тәрбие жұмысы >> Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу
Ағымдағы жылдың 2 қараша күні «Прогресс» политехникалық колледжіндегі студенттік парламентінің құқықтық және тәртіп фракциясының ұйымдастыруымен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесудегі басты қаралған мәселе қоғамның алдында тұрған міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Кездесуді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маралбекова Ш.А. ашып, кездесуге шақыртылған құқық қорғау органының қызметкерлерін студенттерге таныстырды және кездесудің мақсаты мен маңыздылығы туралы кеңінен баяндап өтті. Іле АПБ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Бисалиева Г.Г. студенттерге бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын біліп және заң білімі саласынан мағлұмат алып, заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жететіні жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ білім алушыларға электронды темекі, калян, есірткі мен психотропты заттарды қолданудың зияны мен әлеуметік-психологиялық салдары жайында түсіндірді.
Іле АПБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Леоньтева Е.В. Қазақстан Республикасында заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге болмайтынын айтып, жалпы түсінік берді. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірді. Сонымен қатар, қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы айтып өтті. Кездесуге қатысқан студенттер мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды жауаптар алды