Menu Close Menu

Главная  >>  QAZ  >>  Оқу-тәрбие жұмысы  >>  Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

15 ақпан - Кеңес әскелерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына биылғы жылы 33 жыл толды. Соған орай Студенттік парламент мүшелері Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Дара жол» бағдарламасы негізінде кездесу өткізді. Кездесуге Іле ауданының ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы - Бесиров Еркін Сайлауханұлы, Энергетический  ауылдық округтың ауған соғыс ардагерлер төрағасы - Райымбек Әбубәкір, Іле ауданының маслихат депутаты, Ауған соғысы ардагерлерінің жеке қайырымдылық қорының төрағасы – Түймелиев Нурлан Лесович, колледж директоры Момышова Данара Боранқұлқызы қатысты. Бағдарламаны «Кондитер-безендіруші» мамандығының 1-курс студенті Айтжан Аружан мен «Техник-бағдарламашы» мамандығының 2-курс студенті Ким Айқын жүргізді.

Студенттер келген қонақтарға сұрақтар қойып, толық және өнегелі жауаптар алды. Кездесу өте тартымдыда, танымды өтті. Ауған соғысы жайлы бейнефильмдер мен презентация көрсетілімі болды. Іс-шара соңында колледж директоры мен  студенттер келген қонақтарға алғыс айтып, отты жылдардағы ерліктері ешқашан ұмытылмайтынын айтты.


 


 





Разделы сайта


Қашықтан оқу


Біздің жобалар


Оқу-тәрбие жұмысы


Пәндік цикл комиссиялары


Мұғалімдер


Студенттер үшін


Өтініш берушілер


Біз туралы

Соңғы жаңалықтар мен хабарландырулар


Наверх
Бізге whatsapp арқылы хабарласыңыз