Главная >> QAZ >> Оқу-тәрбие жұмысы >> "Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер" тақырыбында пікірсайыс өтті
Жоспар бойынша 31 қаңтар күні Студенттік парламенттің ұйымдастыруымен дебат фракциясы мен "Саналы ұрпақ" клубының мүшелерінің қатысуымен "Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер" тақырыбында пікірсайыс өтті.
Сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғарғы деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#саналыұрпақ
#дебатфракциясы
#алматыоблтипо