Главная >> Оқу-тәрбие жұмысы >> Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу
«Прогресс» политехникалық колледжінің КЗК 1-2 тобының жетекшісі Н.Ж.Калиева Іле АПБ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Г.Г.Бисалиеваның қатысуымен ZOOM арқылы «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесу мақсаты: құқықтық тәрбие беруде студенттердің санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту.
Кездесу барысында топтың жетекшісы баяндама оқып, Іле АПБ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Г.Г.Бисалиева Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.
Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Одан бөлек, мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Ал, кездесуге қатысқан студенттер өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.