Menu Close Menu

Главная  >>  Новости  >>  Білім, ғылым, мәдениет пен инновациялар – жаңа Конституция жобасының негізгі өзегі

Білім, ғылым, мәдениет пен инновациялар – жаңа Конституция жобасының негізгі өзегі

18.02.2026

Жаңа Конституция жобасының 33-бабында білім беру саласындағы азаматтардың негізгі құқықтары мен кепілдіктері айқындалған. Құжатта Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін орта білім алуға кепілдік берілетіні көрсетілген. Сонымен қатар бастауыш және негізгі орта білімнің міндетті екені нақты белгіленген. Азаматтардың заңнамада белгіленген тәртіппен жоғары оқу орындарында жоғары білім алу құқығы да қарастырылған.

Жобаға сәйкес, жекеменшік білім беру ұйымдарында ақылы негізде білім алу мүмкіндігі сақталады және ол қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекет барлық білім беру ұйымдары басшылыққа алуға міндетті жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекітеді. Бұл талаптар білім беру қызметінің сапасы мен мазмұнының бірыңғай деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ құжатта еліміздің білім беру жүйесінің зайырлы қағидаттарға негізделетіні атап өтілген. Рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, барлық оқу орындарының қызметі зайырлы сипатта жүзеге асырылуы тиіс.

Осылайша, Конституцияның жаңа жобасы білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларын мемлекеттің тұрақты дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторлары ретінде қарастырады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде Конституция жобасы қолдау тапқан жағдайда, оның нормалары 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Сонымен қатар Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Конституция күні ретінде белгіленуі мүмкін.



Разделы сайта


Дистанционное обучение


Наши проекты


Учебно-воспитательные работы


Предметно-цикловые комиссии


Преподавателям


Учащимся


Абитуриентам


О нас

Наверх
Напишите нам на whatsapp