Menu Close Menu

Главная  >>  Оқу-тәрбие жұмысы  >>  Діни экстремизм мен терроризм

Діни экстремизм мен терроризм

«Прогресс» политехникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.А.Маралбекованың ұйымдастыруымен  «Діни және экстремизм және терроризм» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Іле ауданы, Қараой ауылы, Омарбек мешітінің бас имамы А.О.Баченов, найб имамы О.С.Сулеймен және Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі А.К.Батырханова қатысты.

Іс-шара мақсаты: қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмнің алдын алу, болдырмау, әсіресе жастар арасында бұл зұлымдықтардың қаупін, келтірер залалын ашып түсіндіру.

Келген дін өкілдері жиын барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берді. Бас  имам Асқар Оралбайұлы өз сөзінде: ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, әлемде және елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында тақырыпқа байланысты қысқаметражды видеофильм көрсетіліп, студенттер өздерінің толғандырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.

 


 





Разделы сайта


Дистанционное обучение


Наши проекты


Учебно-воспитательные работы


Предметно-цикловые комиссии


Преподавателям


Учащимся


Абитуриентам


О нас

Последние новости и объявления


Наверх
Напишите нам на whatsapp