АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

 «ДІНМҰХАМЕД  ҚОНАЕВ – БАР ҒҰМЫРЫН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН АДАЛ ТҰЛҒА»

ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен кезекті «Дінмұхамед  Қонаев – бар ғұмырын халқына арнаған адал тұлға» тақырыбында онлайн адалдық сағаты өтті.

Көрнекті мемлекет, партия және қоғам қайраткері, үш рет Социалистік Еңбек Ері, 44 жылдан астам Қазақстанның жоғары басшылығында болған академик, оның ішінде 24 жыл ел көшбасшысы және 20 жылдан астам КОКП ОК Саяси Бюросының құрамында болған.

Халық махаббаты-ел басшысын, әсіресе ол биліктен кеткеннен кейін бағалаудың негізгі көрсеткіші. Қонаев қашанда істің, сөздің адамы болған. Барлық мәселелерде моральдық принциптерге сүйенді.

«Қандай жағдай болмасын, сабыр сақтап, мейлінше қарапайым болуға ұмтылдым» - деп атап өтті.  

Өсиеті өнеге, ізгілікті ізі ғибратқа толы сөздері кемел келешектің кепілі саналған жастардың өн бойына қуат, көңілдеріне шуақ сыйлайды. Ұлт алдындағы ары мен жанының тазалығына құрметпен қарап, биік қойып бағалайды.

Заңғар тұлғаның ұрпақтың санасына ой салатын сөздерінің тұңғиғына тереңнен үңілсеңіз еріксіз ойланасыз, ойға батасыз. Себебі жастар -қоғамның қозғаушы күші. Жастар болашақтың білегі, егемен еліміздің ертеңгі тірегі. Сондықтан зейіні зерек, білімдіде, білгір жастарымыз адалдық пен парасаттылық, патриоттық қағидаттарын санасына мөрдей басып,құлағына қорғасындай құйып алу шарт.

Қазақстандық жастарға осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды.

 

 



АВТОШКОЛА «АРГЫМАК и К»
Автошкола Аргымак
(727) 251-79-09
(707) 689-96-62
instagram @progres2002

Алматинская область
Илийский район
пос. Отеген батыр
ул. З. Батталханова, 22