Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ


Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Прогресс» политехникалық колледжінің белсенділері 27.10-09.11.2020 аралығында өтетін колледж Инстагарм парақшасына «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты байқау жариялады. Қатысушылар байқаудың шарттарымен колледждің Инстаграм парақшасынан танысты. Байқауға 145 студент қатысты. Конкурс екі номинация бойынша өтті: «Ең үздік бейнеролик», «Ең үздік плакат». Байқау қорытындысы бойынша ПРГ 3-1 тобы «Ең үздік бейнеролик» номинациясымен КДК 1-2 тобы «Ең үздік плакат» номинацияларымен мараптатталды.

 

Наши победители:

 

Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ


 

Саналы ұрпақ

 

2020 жылдың караша айында «Прогресс» политехникалық колледжінде «Таза сессия» акциясы өтті. Акция барысында білім алушыларға онлайн режимде баяндама-дәріс оқылып, презентация, бейнефильм көрсетілімі ұсынылды. Сонымен қатар, жоғарғы курс білім алушылар арасынан, атап айтқанда 2-3 курс білім алушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамаға 146 бала қатысты. Сауалнама нәтижесін зерттей келе, оң нәтиже алдық.

 

Саналы ұрпақ

 

Іле аудандық Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты жастар арасында пікір сайыс турнирі болып өтті. Турнир мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Жарыссөзге «Прогресс» политехникалық колледжінің "SANALY URPAQ" студенттік клубының қатысушылары қатысып, өз ойларын ортаға салды.

 

Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ

 

 

Ағымдағы жылдың 16-наурыз күні «Прогресс» политехникалық колледжінде «Саналы ұрпақ» ерікті клуб мүшелерінің ұйымдастырылуымен «Адалдық дүкені» акциясы өтті. Акция мақсаты: қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және студент жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру.

Бұл дүкеннің жұмысы өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Сатуға жоғарғы курс білім алушылардың практика негізінде әзірлеген ыстық өнімдері мен студенттерге қажетті заттар ұсынылған. Оқытушылар мен білім алушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын кассалық ыдысқа қалдырады. Осылайша сатушысы жоқ дүкенде алушылар өзіне өзі қызмет көрсетеді.

Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді білім алушылардың ар-ожданы біледі! Барлық жауапкершілік осы акция адалдығына есептелген білім алушылардың өзіне жүктеледі.

Мұндай жобаның ашылуы жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал етеді және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді.

Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан, онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Осы орайда, «Прогресс» политехникалық колледжінде жас мамандар арасында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.А.Маралбекова мен «Саналы ұрпақ» ерікті клуб жетекшісі Н.Ж.Ушурова өткізді. 
Іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың салдары, қоғамдағы зияны жан-жақты талқыға түсіп, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісе келе, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа оның кері әсерін тигізетіндігін атап көрсетті. Бүгінгі күннен алған мәліметтерді алдағы уақытта іс жүзінде пайдаланады. 
Алдағы уақытта семинар-тренинг сияқты сыбайлас жемқорлыққа байланысты іс-шаралар жоспар бойынша жүргізілетін болады.
Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ

Саналы ұрпақ
"Прогресс" политехникалық колледжінің 1-курс студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам міндеті» тақырыбында сауалнама алынды. Cауалнаманың нәтижесі бойынша колледждің студенттері (100%)- сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болмаған. Сіздің ойыңызша сыбайластық жемқорлықтың болуының негізгі себептеріне не жатады? деген сұрақа -24% -төмен жалақы, өзіңдік бақылаудың болмауы -6% және қоғамдық көзқарас пен имандылықтың төмендігі деп- 96% жауап берген.
Осыдан шығатын қорытынды, біздің колледж студенттерінің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті жоғары деңгейде қалыптасқанын аңғартады.


АВТОШКОЛА «АРГЫМАК и К»
Автошкола Аргымак
(727) 251-79-09
(707) 689-96-62
instagram @progres2002

Алматинская область
Илийский район
пос. Отеген батыр
ул. З. Батталханова, 22